Ауылдың тіршілігіне көз сүйсінеді
Біздің ауылдың қалыптасу жылынан бастап, оның осы уақытқа дейінгі тарихы көз алдымда. Қаншама адамға алтын бесік болған қасиетті ауылымыздан елге еңбегі сіңген қоғам қайраткері де, ғалым да, ақын да шықты. Топырағы киелі ауылымыздың өз алдына отау болып, шаңырақ көтергеніне 50 жыл болғаны бүгінде тарихқа айналуда. «Елу жылда ел жаңа» демей ме?! Міне, жартығасырлық уақытта елдің іргесі бекіп, ауыл халқының жағдайы жақсарып, көркейіп келеді. Шаруасы ширап, ауыл еңбеккерлерінің тіршілігі жанданып, кәсіпкерліктің де өрісі кеңейді.
Еңбек адамдарын, елдің бірлігін мақтан ететін ауылымызда көз сүйсінерлік жақсы жүйелі жұмыс бар. Ең бастысы, ауылда біздің болашағамыз өсіп келеді. Балаларымыз білімді, дендері сау болсын. Еңсесі биік ауылымыздың көркеюі ең алдымен Алланың, содан соң елге жанашыр азаматтардың арқасы. Жыл сайын жақсы жаңалықтың куәсі болып отырғанымызға қуаныштымыз. Самаладай жарқыраған ауылда тұрғындарға бар жағдай жасалуда. Бұрын арман болған қаншама оң тірліктің куәсіміз. Алдымызда жастарды жарқын болашақ күтіп тұр. Қарттарымыз аман болсын, елге тілекші болып келіп жатқан азаматтардың қадамы құтты болсын.
Жаппасбай ЖҮНІСОВ,
ауылдық Қоғамдық кеңес төрағасы









