Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№83 газет

01 қараша 2025 ж.

№82 газет

29 қазан 2025 ж.

№ 81 газет

25 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
» » Құтты қоныстың мерейтойы

Құтты қоныстың мерейтойы

Өткен ғасырдың 1975 жылы бірнеше колхоздың бірігуімен Сәкен Сейфуллин деп қайта құрылған ауы­лымыз құтты қонысқа айналды. Ауылдың аты батырымен, билерімен танылған десек қателеспейміз. Сондай-ақ Шонбай ақын, Қанапия Дәрібаев, Сейфулла Оспанов секілді ақыны шыққан ауыл халқы ұлағатты ұл-қызын мақтан етеді.

Өрісі малға, қойнауы құтқа толы ел іргесі бекігенде ел-жұрт егін егіп, берекелі күй кешті. Қазіргі уақытта ауылымыз жаңаша даму жолына түсті. Жұмыссыз азаматтар қолынан келген кәсіппен айналысуға мүмкіндік алып, екі қолға бір жұмыс тапты. Қорасын малға толтырып, бау-бақша егіп, отбасын асырап жатқандары қаншама.

Соңғы жылдары атқарылған жұмыс ауыл келбетіне оң өзгеріс әкелді. Әсіресе ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатында «көгілдір отын» келіп, ауқымды жұмыс аяқталды. Оған қоса электр желілерінің ауысуы, тұрғындардың тәулік бойы таза ауызсу тұтынуы жайлы өмір сүруге жасалған жағдай деп білеміз. Сондықтан әрбір сәтті жақсылыққа балап, ұрпағын жарқын болашаққа жетелейтін аға ұрпақ келешектен зор үміт күтеді. Ауылымыздың төл мерекесінде өткенге құрмет көрсетіп, үлкен абыроймен атқаруға күшімізді салайық. Туған ауылымыздың тіршілігі баянды болғай!

Бекзат ҚЫДЫРБАЕВ,
ауыл әкімі
01 қараша 2025 ж. 67 0