Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 29,8 шақырым автомобиль жолы жөнделеді

29,8 шақырым автомобиль жолы жөнделеді

Ауданда жол саласының жұмыс­та­рына аудандық тұрғын үй-комму­нал­дық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жауапты. Сондықтан жыл сайын аудан көлемінде халыққа жақсы жағдай жасау үшін жол жөндеу жұмыстары жос­парлы жүргізіліп келеді.

Жақында аудан әкімі Берік Сәрменбаевпен бірге аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұржан Бисембаев Тереңөзек кентінде ат­қарылып жатқан жұмыстарды көрді. Бүгінгі таңда аудан орталығында Д.Қонаев көшесі бойында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарды «Айзон» мердігер мекемесі атқаруда. Жоба бойынша аталған көшенің А.Әлиакбаров көшесінен Н.Ілиясов көшесіне дейінгі аралық, яғни 1,32 шақырым автомобиль жолына асфальт қабаттары төселеді.

Аудан басшысы қазіргі кездегі көше жолының екі жиегіне жол жиек тастарын орнату жұмыстарын көріп, мердігер мекеме өкілімен тілдесті. Мердігер мекеме басшысына атқарылып жатқан жұмыстардың сапалы әрі уақытылы жүргізілу керектігін жеткізді. Сондай-ақ бөлім мамандарына жұмыстардың сапалы атқарылуын тұрақты бақылауда ұстау керектігін на­зарға салды.

Көше жұмыстары барасында бөлім басшысы Н.Бисембаев аудан әкіміне жол жөндеу саласында биыл атқарылатын жұмыстарды атап көрсетті.

– 2023 жылдың 1 қаңтарына аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатта­нарлық жағдайы 98 пайызды құрады. Биыл «Қы­зыл­орда-Қоғалыкөл-Шіркейлі» автожолының 5 шақы­ры­мына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Жоба іске асқан жағдайда аудандық ма­ңызы бар ­автомобиль жолдарының жақсы және қана­ғат­танарлық жағдайы 99 пайызды құрамақ. Биыл аудан бо­йынша жол саласына 29 жобаға 1 млрд теңге қаржы бөлінді. Соған орай 29,8 шақырым автомобиль жолдары жөнделеді. Оның ішінде Тереңөзек кенті және елді мекендер бойынша 24 шақырым, аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша 5,8 шақырым жол жөндеуден өтеді. Осы жылы Тереңөзек кентінде 12 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланды. Атап айтқанда, Қ.Бөдеев, Ә.Тоқмағамбетов, Ә.Тәжібаев, А.Әлиакбаров, Айтбай арық, Д.Қонаев, Б.Момышұлы 1,2,3,4,5,6 көшесін жөндеуге мердігер мекемелер анықталып, тиісті жұмыстар жасалуда. Ал А.Тоқмағамбетов 2,4,5,6, Б.Өтепов, С.Усабаев, Ә.Найзабаев, Т.Қозыбаев көшелері бойынша мем­лекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде, – деді Н.Бисембаев.

Айта кетейік, ауданға қарасты елді мекендерде жалпы ұзындығы 234,31 шақырымды құрайтын 223 көше бар. Оның ішінде, асфальтты жол 170,80, қиыршық тасты жол 34,18, топырақты жол 29,33 шақырымды құрайды. Елді мекендер көшелері бо­йын­­ша автомобиль жолдарының жақсы және қана­ғаттанарлық жағдайы – 66,5 пайыз.
 
Сырдария аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
15 сәуір 2023 ж. 243 0