Н.Ілиясов ауылындағы көшелер қайта жаңғыртудан өтуде

Ағымдағы жылдың 15 шілдесінде аудан әкімінің орынбасары Б.Сәрменбаев, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ж.Файзуллаев, ауыл әкімі С.Нұрмағанбетов және тиісті сала мамандары құрылыс басталған аумаққа арнайы барып, құрылыс жүргізіп жатқан мердігер мекеме «Дәнекер құрылыс компаниясы» ЖШС-нің жауапты басшылары мен мамандарының жұмысына сәттілік тілеп, құрылыстың сапалы әрі уақытылы жүргізілуін жүктеді.
Айта кетейік, бүгінгі күнде мердігер мекеме жаяу жүргіншілер жолын салуды бастап, жоспарға сәйкес жұмыстар атқаруда. Жалпы құрылыс 4 айға жоспарланған, дегенмен мердігер мекеме мерзімді одан бұрын аяқтауға межелеп отыр.