Жұмыстар жоспарға сәйкес атқарылуда

Аталған автомобиль жолдарының ішінде 2021 жылы жергілікті маңызы бар «Қызылорда-Жалағаш-Тереңөзек (0-3 км)» автомобиль жолына орташа жөндеу» жобасы бар. Бұл жобаға 2021 жылы жөндеу жұмыстары басталып, 1,5 кмге асфальт жабындысы төселіп, 2021 жылғы жоспар орындалған болатын. Бүгінгі күнде жобаның қалған қаржысы облыстық бюджеттен бөлініп, мердігер мекеме 2022 жылға жоспарланған 1,5 км асфальт жабындысын төсеу жұмыстарын бастап жатыр. Қазіргі таңда бөлім мамандарымен жөндеу жұмыстары түрақты қадағалауға алынған. Сонымен қатар, автомобиль жолына төселген асфальт жабындысы «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалымен тексерілетін болады және қорытындысы бойынша тапсырыс берушімен қабылданатын болады.