Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Нан бағасын тұрақтандыруға атсалысуда

Нан бағасын тұрақтандыруға атсалысуда

Сырдария ауданы бойынша азық-түлік бағаларының тұрақтылығын сақтау назарда. Оның ішінде, нан бағасын тұрақтандыру үшін жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Атап айтқанда, Сырдария ауданы әкімдігі мен «Байқоңыр ӘКҚ» АҚ-мен екіжақты байланыс жасалып, әлеуметтік маңызы бар нан бағасын тұрақты ұстап тұруға жұмыс жасалуда. Нақты айтқанда, жеке кәсіпкер «Айша» наубайханасы бидай ұнын жеткізуші оператор ретінде бекітіліп, бүгінгі күнге дейін «Байқоңыр ӘКҚ» АҚ-нан 122 тонна әлеуметтік ұн алынды. Соның нәтижесінде, азық-түлік дүкендері мен сауда орталықтарына бір бөлке нан 75 теңгеден таратылып, кәсіпкерлік нысандар нанды 80 теңгеден сатуда.

Осы ретте, нан бағасын тұрақтандырып, халыққа қызмет көрсетіп келе жатқан «Айша» наубайханасының иесі, кәсіпкер Гүлжан Әбдіғаппароваға аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрбол Жұмабеков арнайы барып, аудан әкімінің «Алғыс хатын» табыс етті. Негізгі ас саналатын нан бағасын тұрақтандыру жұмысына атсалысып жатқан кәсіпкер жұмысына табыс тіледі.


Сырдария аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі.
11 қараша 2022 ж. 168 0