Қазақстанда бір жылда ірімшік 31 пайызға қымбаттады
Қазан айында Қазақстанда қатты ірімшіктің орташа бағасы келісіне 4 378тг құрады. Өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда аталмыш өнім 31,4% -ға қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өңірлер арасында қатты ірімшік бағасы Қарағанды қаласында ең қымбат, мұнда ірімшіктің орташа бағасы 5 356 теңге деңгейінде.
Өңірлер арасында қатты ірімшік бағасы Қарағанды қаласында ең қымбат, мұнда ірімшіктің орташа бағасы 5 356 теңге деңгейінде.
Астанада орташа баға 4 880 теңге болса, Алматыда ірімшіктің келісі үшін орта есеппен 4 700 теңге төлеу қажет, Таразда – 4 782 тг.
Ең арзан ірімшік келісі Қонаев қаласында – 3 153 тг.
2022 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында Қазақстанда 24 409,9 тонна ірімшік пен сүзбе өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,3%-ға аз.
Қазақстандық ірімшік (сүзбені қоса алғанда) негізінен ТМД елдеріне (РФ, Армения, Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан), сондай-ақ Корея мен Моңғолияға экспортталды.
Импорттың негізгі көлемі РФ, Беларусь, Украина, Латвия, Иран елдерінен келеді.