Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№35 газет

13 мамыр 2026 ж.

№34 газет

09 мамыр 2026 ж.

№33 газет

05 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Елімізде жұмыртқа бағасы қымбаттады

Елімізде жұмыртқа бағасы қымбаттады

Қазақстанда жұмыртқа бағасы 21,5 пайызға қымбаттады. Тиісінше, ел тұрғындары жұмыртқаны аз тұтынатын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы LS. басылымы мәлімдеді.

Қазақстанда қаңтар-тамыз аралығында 3 млрд данадан астам жұмыртқа өндірілді. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 пайызға аз. Еліміздегі әр отбасы үш айда орта есеппен 49 жұмыртқа тұтынады. Сол аралықта оған 7 мың теңгеге жуық қаражат жұмсайды.
Жұмыртқаның 10 данасы орташа есеппен 355 теңгеден саудаланады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 21,5 пайызға көп.

Отандық өнім Ауғанстан (50,9 млн дана), Ресей (10,7 млн дана), Қырғызстан (2,8 млн дана), Моңғолия (2,7 млн дана) елдеріне жіберіледі. Осылайша 2021 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында 33,3 млн дана жұмыртқа экспортталды.

Дегенмен, импортталатын жұмыртқа да жоқ емес. Мәселен Ресейден 84,5 млн, ал Беларусьтен 9,2 млн дана жұмыртқа импортталады.
30 қыркүйек 2021 ж. 670 0