Елімізде қырыққабат, қызылша және жемістердің бағасы арзандады
Қазақстанда 2019 жылғы шілдеде азық-түлік бағасы 2018 жылдың шілде айымен салыстырғанда 8,7%-ға өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстанда нан өнімдері, жарма, ет, балық, теңіз және сүт өнімдері, жұмыртқа, май, көкөністер, қант, кондитерлік өнімдер, алкогольсіз сусындар мен алкогольді ішімдіктерге баға қымбаттап, тисінше ақ қырыққабат, қызылша, қияр, жеміс бағасы арзандаған.
Биыл дәнді дақылдардың бағасында үнемі өзгеріс байқалды. Өткен жылдың дәл осы айында қарақұмықтың орташа бағасы 1 кг үшін 257 теңге болса, биыл шілдеде 240 теңгені құрап отыр. Ал күріш 298 теңгеден, 361 теңгеге қымбаттады.
Шілдеде түйіршіктелген қанттың орташа бағасы 1 кг үшін 236 теңге болды, өткен жылы оның құны - 224 теңге болған еді.
Сүт өнімдерінен, сүзбенің орташа бағасы 2019 жылғы шілдеде 1 кг 1549 теңге (2018 жылғы шілдеде - 1550 теңге), қаймақ - 1064 (1027), айран - 287 (278), пастерленген сүт - 242 (218).
Kyzylorda-news.kz.