Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

№ 7 газет

27 қаңтар 2026 ж.

№6 газет

24 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Коммуналдық тарифті көтеруге жарияланған мораторий мерзімі аяқталды - ҰЭМ

Коммуналдық тарифті көтеруге жарияланған мораторий мерзімі аяқталды - ҰЭМ

Коммуналдық тарифті көтеруге жарияланған 180 күндік мораторий аяқталғандықтан, тариф мөлшерлері өзгеруі мүмкін. Бұл жайында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Президент тапсырмасын іске асыру үшін ведомство халыққа коммуналдық қызмет тарифтерін көтеруге 180 күнге мораторий енгізді. Осыған байланысты 100-ден астам табиғи монополия субъектілерінің тарифтері түзетілген. Бұл халыққа 3,2 млрд теңгеден астам қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда мораторий аяқталды», - деді Тимур Жақсылықов.

Оның мәліметі бойынша, екінші жартыжылдықта тарифтер өзгеруі мүмкін. Бірақ, ол инфляция дәлізінің шегінен аспауы керек.

«Тұтынушылар мен табиғи монополия субъектілері мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету, сондай-ақ коммуналдық қызметтер тарифтерінің күрт өсуіне жол бермеу мақсатында келесі шаралар қабылданады:

- қаражаттардың мақсатты пайдаланылуын бақылау;

- тұрғын үй көмегі тетіктерін дамыту;

- әр аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын ескере отырып, жеке әдіс көздеу.

Жаңа салық-бюджет саясаты шеңберінде бюджетаралық қатынастарды реформалау және мерзімдері мен кезеңдерін екі есе қысқарта отырып, бюджеттік жоспарлаудың реинжинирингі бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді Тимур Жақсылықов.

Айта кетсек, бұған дейін вице-министр ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан сынынан кейін «Самұрық-Қазына» қорының миссиясы қайта қаралатынын мәлім етті.
15 шілде 2022 ж. 518 0