Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында шешілмеген мәселелер баршылық - Назарбаев

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында шешілмеген мәселелер баршылық - Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президенті Тұрғын үй шаруашылығы саласындағы кемшіліктерді жоюды тапсырды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Құрылыстың қарқынды дамуы тұрғысында тұрғын үй қатынастары саласы әрбір тұрғынның мүддесін көтереді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында шешілмеген мәселелер баршылық. Жүргізілген сауалнамалар нәтижесінде бұл мәселе көп азаматтарды алаңдатып отырғаны көрініп отыр», - деді Президент.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев аталған саладағы қызмет көрсету сапасы мен басқа да бағыттардағы қызметтер тиісті деңгейде жетілдірілмегенін айтты.
Елбасы қызмет көрсетуші компанияларға баспана иелерінің арасындағы өзара іс-қимылдың ашықтығын қамтамасыз ету қажеттігін тапсырды.
Одан бөлек, осы бағыттағы қаржының жұмсалуын қадағалауды, табиғи монополия саласындағы жауапкершілік мәселесін айрықша назарда ұстауды жүктеді.
«Жалпы үйге ортақ шаруашылықты басқарудың түснікті әрі тиімді жүйесін құру керек. Менің тапсырмам бойынша Үкімет тиісті заң жобасын әзірледі және ол Парламент қарауына биыл ұсынылады», - деді Н. Назарбаев.
01 қыркүйек 2018 ж. 871 0