Бюджетке өзгерістер енгізілді
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 13-сессиясы өткізілді. Сесссияға депутаттардан бөлек аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев қатысты.
Онлайн түрде өткізілген сессияны ашып, жүргізген аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов күн тәртібіне ұсынылған мәселелермен таныстырды. Күн тәртібіне сәйкес алдымен аудандық экономика және бюджеттің жоспарлау бөлмінің басшысы Е.Ахетов «Сырдария ауданының кент және ауылдық округтерінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеттері туралы» хабарлама жасады. Сонан соң бөлім басшысы Ақжарма, Н.Ілиясов, Қалжан ахун ауылдық окургтері бойынша 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы аудандық мәслихаттың шешімдеріне өзгерістер енгізуді хабарлады. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік- құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы А.Жұмабеков Сырдария аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 сәуірдегі №222 «Сырдария ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы хабарлама жасады.
Сессияның күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бойынша тиісті шешім қабылданып, сессия жұмысы қорытындыланды.
«Тт» ақпарат