Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 12 мәселе қаралды

12 мәселе қаралды

Сырдария аудандық мәслихатының кезектен тыс 9-сессиясы өтті. Сессияға депутаттардан бөлек аудан әкімі М.Ергешбаев, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім, мекеме басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты. Сессияны аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов ашып, жүргізді.

Кезектен тыс сессияда барлығы 12 мәселе қаралды. «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №468 шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Е.Ахетов хабарлама жасады. Күн тәртібіндегі 2-10 мәселелер Сырдария ауданы ауылдық округтерінің, Тереңөзек кенті мен Ақжарма, Аманкелді, Бесарық, Қоғалыкөл, Н.Ілиясов, Шаған, Шіркейлі ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламентін бекіту туралы қабылданған шешімдерге өзгерістер енгізуге арналды. Бұл мәселелер туралы аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы А.Жұмабеков түсініктеме жасады. Ал 11-ші мәселе бойынша, яғни аудан әкімдігі жанындағы тероризмге қарсы аудандық комиссия құрамын бекіту туралы аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы Қ.Қуандықов баяндады. Сессияда қаралған соңғы мәселе аудандық қоғамдық кеңесті құрамын бекіту туралы қабылданған шешімге өзгеріс енгізуге арналды. Бұл туралы аудандық мәслихат депутаты, аудандық қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмысшы топ төрағасы А.Ибрагимұлы хабарлама жасады.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша депутаттардың ұсыныс-пікірі ескеріле оты­рып шешім жобалары қабылданды. Сессия соңында аудан әкімі М.Ергешбаев халық қалаулыларына бірлесе атқарылған жұмыстар үшін ризашылығын білдіріп, алдағы жоспарлармен бөлісті. Жылдың соңғы тоқсаны қорытындылануға жақын қалғанын айтқан аудан басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары жөнінде ақпарат берді.

А.СЕЙІЛОВ
02 қараша 2021 ж. 411 0