Ішкі ағза мүшелері кері біткен әжей 100 жыл өмір сүрді
Америкалық әйел Роуз Мари Бентли ішкі ағза мүшелері бұрыс біткеніне қарамастан 99 жыл өмір сүрді, деп хабарлайды Stan.kz.
Әжейдің ішкі ағзалары керісінше орналасып туғанымен оны ешкім білмепті. Оның жүрегінен басқа мүшесі денесінің басқа бөлігіне біткен. Қантамырлары да өзгелерден ерекше болған.
Әдетте жүректің жоғарғы жақ бөлігінің сол жақта орналасуын левокардия деп атайды. Бұл қауіпті ауру саналады. Ал, Бентли ағза мүшелерінің өзгеше біткеніне қарамастан, 100 жасқа дейін өмір сүрген.
Әжейдің өзі де ағзасындағы өзгерістерді білмеген секілді. Себебі отбасы жақындары да бұдан хабарсыз болып шықты. Қызының айтуынша, анасы тек артритпен ауырған.