Ғалымдар өкпе өсіруді үйренді
Бұл туралы Digital Trends хабарлайды. Ағза жарты сағат сақталып, жаңа иесіне табысты түрде орналастырылды.
Америкалық ғалымдар алғаш рет өкпе өсіруден табысқа жетті. Олардың айтуынша, жасанды өсірілген және басқа адамға орналастырылған ағза бөтен денеге жақсы үйреніп кетті.Медицина саласындағы мұндай жетістікке Техастық университетінің Галвестон Ұлттық зертханасының мамандары қол жеткізе алды. Барлық тәжірибелер адам ағзасына ұқсас келетін шошқаға қойылды. Зерттеушілер шошқаның денесінен өкпесін алып, оны арнайы резервуарға салып, тіршілікті қамтамасыз ететін аппаратқа қосқан. Олардың қуанышына орай, ағза ары қарай үлкейіп, өсуді тоқтатпаған.
Бір айдан кейін өкпені табысты түрде туыстық қатынасы жоқ шошқаға салған. Ғалымдар барлығы алты өкпені ауыстырған, алайда кейбір проблемаларға байланысты олардың тек төртеуі ғана жаңа ағзаға сіңе алған. Сарапшылардың айтуынша, бұл жаңалық келешекте сау өкпелерді адамға салып, тіпті зақымдалған тіндерді қайта өсіруге мүмкіндік береді.
http://stan.kz/