Америкалық әжей чизбургердің арқасында жүз жасады
АҚШ-тағы Ноблсвилл қаласының 99 жастағы тұрғыны Дороти Флетчер жылдам әзірленетін тағамның арқасында ұзақ өмір сүргенін айтты, деп хабарлайды Lenta.ru басылымына сілтеп Stan.kz.
Дороти әжей күн сайын жылдам әзірленетін тағам дайындайтын мейрамханаларда тамақтанады. 99 жастағы әжей үнемі тормен көмкерілген қалпақпен және мінсіз маникюрмен жүретін көрінеді.Әжейдің айтуынша, ол ұзақ өмір сүру үшін қандай да бір ереже ұстанбаған.
Ол жылдам әзірленетін тағамдар ішінен чизбургер, фри картобы және газдалған сусынды ұнатады екен.
Ноблсвилл қаласындағы McDonald’s иесі Флетчерге 23 желтоқсанда болатын мерейтойын өз мейрамханасында өткізуді ұсынып, VIP-клиент картасын сыйлапты. Мейрамхана иесі әжейдің 20 жылдан кейін де мейрамхана қонағы болатынына сенімді.
Әжейдің сөзінше, жас кезінде балаларына арнап түрлі ас әзірлеген екен. Алайда қазір тек кофе әзірлейтін болыпты. Оның келіні енесінің жылдам әзірленетін тамаққа құмарлығын қолдамайды, сондықтан әжейді жиі дәрігерге қаратып тұрады екен.