Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 122 жастағы қазақ әжей ғаламның ең кәрі тұрғыны болып танылды

122 жастағы қазақ әжей ғаламның ең кәрі тұрғыны болып танылды


Ресейде тұратын этникалық қазақ әжей Танзиля Бисембеева планетаның ең кәрі тұрғыны деп танылды. Жуырда әжей 122 жасқа толмақ. Бұл туралы "Экспресс К"газетіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Танзиля Бисембеева Астрахань облысы Алча ауылында тұрады. Бір ғасырдан астам ғұмыр сүрсе де, әжейдің жүріс-тұрысы ширақ әрі тың.
Абыз ананың үш ұлы, 10 немересі, 25 шөбересі мен екі шөпшегі бар. Кіші ұлын Танзиля апай 57 жасында өмірге әкелген. Ол 1917 жылғы Қазан төңкерісін, 30-жылдардағы жаппай қуғын-сүргінді заманы мен Ұлы Отан соғысындағы оқиғаларды жақсы біледі.
Оны жұрт Распутиннен Путинге дейінгі дәуірлерді көрген абыз әжей деп біледі.
Айта кету керек, Танзиля Бисембеева өмірінде бір рет те дәрігерлерге қаралмаған.
27 ақпан 2018 ж. 1 303 0