Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қырғызстаннан Ресейге бет алған жолаушылар құтқарылды

Қырғызстаннан Ресейге бет алған жолаушылар құтқарылды


Теміртау құтқарушылары қатты аязға қарамастан жолға шыққан рейстік автобустағы 80 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматы-Екатеринбург тасжолында 80 адам, соның ішінде 3 бала мен 7 әйел эвакуацияланды. Олар Теміртау политехникалық колледжінің жатақханасына орналастырылды, полиция мен дәрігерлер кезекшілік етуде. Адамдарды құтқару жұмыстары жалғасуда», — деп хабарлады Теміртау ТЖ басқармасының басшысы Арман Алпысбаев. Құтқарушылар түнгі сағат бірде Алматы-Екатеринбург тасжолының бойында Бішкек-Тюмень бағытындағы Setra автобусын байқап қалған. ТЖ басқармасының қызметкерлері жүргізушіге жол жүруге тыйым салып, көлікті Теміртауға алып барған. 40 адам, соның ішінде 9 әйел мен 2 бала бар жолаушылар университеттің жатақханасына орналастырылды. Оларды дәрігерлер тексерген. Сондай-ақ, 23 қаңтарда түнгі сағат 2-де Теміртаудағы ішкі істер министрлігінің оқу орталығына Сарыағаштан Петропавлға бет алған автобустың 47 жолаушысы жеткізілді.
23 қаңтар 2018 ж. 1 223 0