Астана таксилері енді газбен жүретін болады
Астанада 2018 жылы шамамен 500-дей такси газға ауыстырылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің интернет-ресурсына сілтеме жасап.
«Бүгінгі таңда такси болып жүрген 150 автомобильге газ баллон қондырғысы орнатылды. «Автогаз Трэйд» компаниясы италяндық өндірістегі 750 дана Landi Renzo құралын сатып алған 2018 жылы шамамен 500 такси автомобильдерін газға ауыстыру жоспарлануда», - деп хабарлады жұма күні Астана жолаушылар тасымалы басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердинов.
Жол полициясы басқармасының қызметкерлерінің, елорда көлік қызметкерлері қауымдастығы мен таксомоторлы компания басшыларының қатысуымен өтіп жатқан жиында жылды қорытындылай келе, ол Астанада экологиялық жағдайды жақсарту бойынша жұмыстардың белсенді жүргізіліп жатқанын атап өтті.
«2018 жылы таксилердің мемлекеттік нөмірлеріне бірыңғай түстер гаммасын қолдану бөлігінде өзгертулер мен толықтырулар енгізуді жоспарлап отыр. Әлемдік тәжірибе көрсеткіштер бойынша, дамыған барлық елде автомобиль таксилерімен жолаушылар мен багаждарды заңды тасымалдайтын такси көлік құралдарына мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілеріне бірыңғай түсті гамма қолданылады. Осындай жаңа енгізулер жолаушылар мен қадағалау органдарына заңсыз тасымалдаушылар арасында ресми таксилерді ажыратуға мүмкіндік береді», - деді спикер.