Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қырғызстан аумағында жер сілкінді

Қырғызстан аумағында жер сілкінді

Қазақстанның Ұлттық деректер орталығы Қырғызстан аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жедел мәліметтерге сәйкес, жер сілкінісі 16 сәуір күні Астана уақытымен сағат 04:57-де болған. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 4,1 балды құрады. Ал Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының дерегінше, магнитудасы 4,5 болған жер сілкінісінің ошағы Конорчок ауылынан солтүстікке қарай 18 шақырым жерде және Нарын қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 115 шақырым қашықтықта орналасқан.


Елді мекендерде сезілген дүмпу қарқыны мынадай болды:
  • Конорчок және Чолок-Кайын ауылдарында – 3,5 балл;
  • Кош-Булак пен Жаңы-Тилек ауылдарында – 3 балл;
  • Баетово аудан орталығында – 3 балл.


16 сәуір 2026 ж. 173 0