Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Бүгін Брюссельде Еуроодақ саммиті басталады

Бүгін Брюссельде Еуроодақ саммиті басталады

Бүгін Брюссельде Еуропалық одаққа мүше елдердің үкімет басшылары мен мемлекет басшыларының саммиті өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еуроодаққа мүше 27 елдің көшбасшылары екі күндік саммитке жиналады.

Отырыс бүгін президенттер немесе Еуропа мемлекеттері премьер-министрлерінің жұмыс барысындағы түскі асымен басталады.

Саммит қатысушылары әдеттегідей Еуропа парламентінің президенті Роберто Метсоломен пікір алмасады.

Сонымен қатар саммиттің алғашқы күні ЕО көшбасшылары НАТО Бас хатшысы Ценс Столтенбергпен кездеседі.

Еуропалық кеңес баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, ЕО басшылары Брюссельде Украинаға материалдық көмек көрсету, Еуропа экономикасы, қауіпсіздігі мен қорғанысы, миграцияны реттеу, Қытаймен және басқа да мемлекеттермен қарым-қатынасы мәселелерін талқылайды.
29 маусым 2023 ж. 652 0