Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

05 желтоқсан 2023 ж.

№95 газет

02 желтоқсан 2023 ж.

№94 газет

28 қараша 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Түркі кеңесінің келесі саммиті қайда өтеді

Түркі кеңесінің келесі саммиті қайда өтеді

Бүгін Ыстық көлдің жағасында Түркі елдері ынтымақтастық кеңесінің VI саммиті өтті. Алқалы жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан мен Мажарстан басшылары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Саммит барысында Қазақстан Президенті ұйымның төрағалық міндетін Қырғызстанға тапсырды. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев кеңеске қарасты кейбір ұйымдарды қысқартуды ұсынды.

Ал кеңес мүшелері ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысын мақұлдады. Алдағы уақытта «Рухани жаңғырудың» жобалары түркі әлеміне таралады.

 Саммиттен кейін Түркі кеңесінің жаңадан тағайындалған Бас хатшысы Бағдат Әміреев осы ұйымға Өзбекстанның қосылуына қатысты түсінік берді. «Өзбекстан Түркі кеңесінің мүшесі емес. Алайда өзбек елінің басшылары көптен бері саммиттердің жұмысына қатысып келеді. Олар түркі тілдес елдердің достығын, қашанда өз бауырларын қолдайды. Жақын арада Өзбекстанның Түркі кеңесіндегі мүшелігі рәсімделеді деп сенеміз. Ол үшін барлық алғышарттар бар», - деп атап көрсетті Б.Әміреев.

 Оның айтуынша, кеңеске мүше мемлекет басшылары бірлескен декларацияны қабылдады. Аталған құжатта атқарылған жұмысқа қорытынды жасалып, алдағы мақсат-міндеттер айқындалған.  «Сонымен бірге, осыдан үш жыл бұрын Астанада өткен соңғы саммитте ел басшылары Түркі тілдес мемлекеттер интеграциясының тұжырымдамасын әзірлеуді ұсынған болатын. Сол құжат дайын болды. Бүгін тұжырымдамаға қол қойылды. Бұл - өте маңызды құжат. Себебі, түркі тілдес елдердің ынтымақтастығын дамытуды көздейді», - деді Б.Әміреев Түркі кеңесінің VI саммитінен кейін журналистерге берген сұхбатында. Бұдан бөлек, бүгін Мажарстанға бақылаушы мәртебесі берілді.  Түркі кеңесінің келесі саммиті Әзербайжанның Баку қаласында өтеді. Айта кеткен жөн, саммит жыл сайын ұйымдастырылады.  
03 қыркүйек 2018 ж. 868 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам