Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

№89 газет

22 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » 10 мәселе талқыланбақ. ТМД елдерінің сыртқы істер министрлері Мәскеуде бас қосады

10 мәселе талқыланбақ. ТМД елдерінің сыртқы істер министрлері Мәскеуде бас қосады

Мәскеуде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
«Отырыста 10 мәселе қаралады деп жоспарланып отыр. Шағым құрамдағы кездесуде халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша және Достастық форматында өзара іс-қимыл туралы дәстүрлі пікір алмасу өтеді. Бұдан бөлек, министрлер ТМД мемлекеттері басшыларының Екінші дүниежүзілік соғыстың басталғанына 80 жыл толуына байланысты және ТМД елдерінің сыртқы істер ведомстволарының арасындағы әріптестікті нығайтуға қатысты мәселелерді талқылайды», - деп хабарлады ТМД Атқару комитетінде.
 
Атқару комитетінде атап өткендей, басқа құжаттарға талқылаусыз қол қою ұсынылмақ. 
01 сәуір 2019 ж. 1 130 0