Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Еуроодақ Ресей мен Түркия арасындағы жаңа келісімге үміт артып отыр

Еуроодақ Ресей мен Түркия арасындағы жаңа келісімге үміт артып отыр


Еуроодақ Ресей мен Түркия арасындағы Идлиб бойынша келісім бейбіт тұрғындарды қорғау мен гуманитарлық көмекті жеткізуге көмектеседі деп үміттенеді.
Бұл туралы Брюссельде Еурокомиссия баспасөз хатшысы Майя Косьянчич мәлімдеді.
Еске салсақ, дүйсенбі күні Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған қазанның 15-іне қарай Идлиб аумағында буферлік аймақ құру туралы келісті. Екі мемлекеттің Қорғаныс министрлері Идлибтегі деэскалациялық өңірде жағдайды тұрақтандыру туралы меморандумға қол қойды.
Майя Косьянчич, Еурокомиссияның баспасөз хатшысы:
- Біз 3 миллионға жуық тұрғыны бар Идлиб аймағын ауыр гуманитарлық дағдарысқа ұшырататын әскери қимылдарды болдырмауға шақырып келеміз. Сондықтан Ресей мен Түркия президенттері арасындағы келісім бейбіт тұрғындарды қорғап, инфрақұрылымды сақтауға және өңірге гуманитарлық көмектің кедергісіз жеткізілуіне кепілдік болады деп сенеміз. Еуроодақ Астана процесіне кепілгер елдерге Сириядағы осы аймаққа қатысты алған міндеттемелерін орындаудың қажеттігін талай рет мәлімдеген болатын.

www.24.kz
19 қыркүйек 2018 ж. 1 122 0