Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тереза Мэй британ халқына мәлімдеме жасады

Тереза Мэй британ халқына мәлімдеме жасады


Астана, BAQ.KZ. Ұлыбритания Премьер-министрі Тереза Мэй британ халқына ашық хат жазды. Хат мәтіні The Telegraph газетінде жарияланды.

Британ премьер-министрі хатында ел тұрғындарынан кабинеті мен Еуродақ арасында келісілген Brexit шарты туралы мәміле жобасын қолдауды сұрады.
«2019 жылдың 29 наурызында Біріккен Корольдік Еуропа Одағынан шығады. Осыдан кейін халқымыздың өмірінде жаңа белес басталады. Бұл жаңғыру мен татуласудың сәті болса екен деймін. Осыдан кейін біз кім "иә", кім "қарсы" дауыс берді екен деп адамдарды бөлуді қоямыз», - деді Тереза Мэй.
Оның айтуынша, Брюссельде өтетін ЕО шұғыл саммитінде ол одаққа мүше 27 мемлекеттің көшбасшыларының жобаға келісім беруіне қол жеткізбекші.
ЕО-ға мүшеліктен бас тарту туралы шешім 2016 жылдың 23 маусымында өткен референдумда қабылданған болатын. Бұл шешімге дауыс берушілердің жартысынан астамы қолдау білдірді.


25 қараша 2018 ж. 847 0