Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Кореяда жасалған робот жұқпалы ауруларды жылдам анықтайды

Кореяда жасалған робот жұқпалы ауруларды жылдам анықтайды

Оңтүстік Кореяда түрлі жұқпалы ауруларға жылдам тест жүргізетін робот жасап шығарылды, деп хабарлайды 24.kz.

Ол тіпті коронавирусты да анықтай алады. Жергілікті институттың бірінде дайындалған жүйе адамның ДНҚ үлгілерін жинап, молекулалық диагностиканы 40 минут ішінде жасайды. Салыстырмалы түрде алсақ қазіргі технологиямен ПТР-тест жасауға 6-12 сағат кетеді. Жергілікті ғалымдар осы процессті жылдамдату үшін шапшаң термо-циклдеу әдісін қолданған. Нәтижесінде жаңа жүйемен алынған тесттің қорытындысы қазіргі молекулалық диагностика арқылы жасалған сынамамен бірдей болып шыққан. Ғалымдар бұл жұқпалы дертттің таралуын тез анықтап, оның алдын алуға мүмкіндік береді деп отыр.

Ли Дон Гю, Корея машиналар және материалдар институты зерттеу тобының жетекшісі:

- Бұл жүйеде сынамалардан бастап молекулалық диагностиканы жүргізу жұмыстарының бәрі автоматтандырылған. Осы технологины медициналық мекеме, әуежай және тестілеу орындарында қолдану арқылы жұқпалы аурудың таралуының алдын алуға болады. Әрі жұмыстың бәрін робот жасайтындықтан медицина қызметкерлері мен науқастарды зиянды инфекциялардан қорғаймыз.
13 қараша 2022 ж. 574 0