Ғалымдар денсаулықты бақылайтын «смарт-салфетка» ойлап тапты
Ғалымдар нанотуындыны ауруларға диагностика жасау мақсатында қолданады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агентттігі Life.ru сайтына сілтеме жасап.
Вашингтон университетінің ғалымдары импульсті, көздің айналу жылдамдығын және адам ағзасының басқа қозғалысын өлшеуге болатын салфетка жасады. Жұмыс нәтижелері «Advanced Materials Technologies» басылымында жарияланды.
Сонымен қатар, салфетка дәретхана қағазы сияқты - целлюлоздық талшықтар мен көміртекті нанотрубалардан жасалған.
Ғалымдар зерттеу барысында суланған салфетканы адамның білегіне қойып, оған пьезористивті элементтерді қосқан. Нәтижесінде, жүректің белсенділігіне байланысты қысымның әсерінен целлюлоза талшықтары созыла бастап, сенсор импульстың өлшемін көрсеткен.
Инженерлер, өздерінінің ойлап тапқан салфеткалары ыңғайлылығы мен жеңілдігінің арқасында, болашақта ауруханаға бармай-ақ, денсаулықты бақылауға болады деп есептейді.