Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирусты жоятын табиғи өнім табылды

Коронавирусты жоятын табиғи өнім табылды

Неміс ғалымдары ағзадағы коронавирустық инфекцияны 97% дейін жоятын табиғи өнімді тапты.

Ульм университетінің медициналық орталығы жанындағы молекулалық вирусология институты мамандарының қорытындылары bioRxiv порталында жарияланды, деп хабарлайды 
24.kz

Зерттеу барысында ғалымдар қара жемісті шетеннің шырыны SARS-CoV-2 вирусын 97%-ке дейін жоя алатындығын анықтады. Ал тұмау вирусы одан да белсенді түрде жойылады. Зерттеу бойынша көк шай мен анар шырыны да тиімділігін көрсеткен.

«Біз қара жемісті шетеннің шырыны (Aronia melanocarpa), анар шырыны (Punica granatum) және көк шайдың (Camellia sinensis) екі вирусқа қарсы вирулицидтік белсенділігі бар екенін анықтадық. Осылармен ауыз қуысын шаю ауыздағы вирустық жүктемені төмендетуі мүмкін», - дейді ғалымдар.


16 қараша 2020 ж. 345 0