Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Оңтүстіккореялық кофеханалар тұтынушылар талғамынан шығудың тың тәсілдерін ойлап табуда

Оңтүстіккореялық кофеханалар тұтынушылар талғамынан шығудың тың тәсілдерін ойлап табуда


Оңтүстік Кореяда соңғы 6 жылда алғаш рет кофе импортының көлемі қысқарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл басынан қазан айына дейін елге 121 тонна кофе әкелінген. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 11 тоннаға аз. Мамандар «бұған экономикалық дағдарыстың салдарынан жұмыс уақытының қысқартылуы себеп», - дейді. Қазір елдегі кофе әзірлейтін дәмханалар тұтынушыларға түрлі жаңа қызметтер ұсынуға көшкен. Мысалы Сеулде робот даяшы қызмет етіп, тіпті «селфи-кофе» ұсынатын дәмхана ашылған. Соңғысы ұялы телефонға түсірілген суретті кофенің бетіне бейнелеп береді. Бұл жаңашылдықты алғаш болып 4 жыл бұрын бариста Ли Кан Бин ойлап тапқан. Жалпы кофе Оңтүстік Кореяда танымал сусынның бірі. Жыл сайын елдің әр тұрғыны 500 шыны кофе ішеді екен. Чой Тэ Хун, кофе дайындаушы:
- Мен бұл салада кіші даяшы болып жұмыс істеуден бастадым. Бірақ әлі күнге дейін кофе дайындаудың қыр-сырын үйренумен келемін. Кореяда кофе ішу жай сусын түсінігінен шығып, әңгімелесу, бос уақытыңды өткізу мәдениетіне айналған. Кофе ішу сонысымен танымал.


30 желтоқсан 2018 ж. 922 0