Нью-Йоркте қазақи нақыштағы бірнеше мейрамхана жұмыс істеп тұр
Қазақстандықтар Нью-Йоркте өте белсенді. Түрлі салада кәсіп ашып, байланысты арттып жатыр. Бұл туралы Нью-Йорктың мэрі Эрик Адамс айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Шынымен қазір Нью-Йоркте қазақи нақыштағы бірнеше мейрамхана жұмыс істеп тұр. Ол мұхиттың ар жағындағы отандастарымыз елдің дәмін сағынғанда баратын жер ғана емес, америкалықтардың да сүйікті орынына айналған. Фарида Ғаббасова осыдан төрт жыл бұрын бауырымен «Ағайындылар» деген шағын дәмхана бизнесін бастайды. Кейін кәсібі кеңейіп, Нью-Йорктегі ең бай аудан саналатын Манхэттанда қазақы нақыштағы екі мейрамхана ашқан. Мұнда түскі және кешкі уақыттарда америкалықтар жиі келеді. Оларға біздің қонақжайлық пен ұлттық тағамдар ұнайды.
Фарида Ғаббасова, кәсіпкер:
– Оларға ешқандай қоспасы жоқ, үйдегідей дайындалған, ерекше табиғи тамақтың дәмі ұнайды.
Қазақтың ұлттық тағамдарына ғана тән дәмін сақтау үшін кейбір қоспалар мен майларды Қазақстаннан алдырады екен. Ал америкалықтар жылқы жемейтіндіктен сиыр етінен шұжық жасайды.
Фарида Ғаббасова, кәсіпкер:
– Америкада жылқы етіне тыйым салынған. Біз де оған жауапкершілікпен қараймыз. Сондықтан қазының орынына сиыр етінен барынша ұқсатып жасауға тура келеді.
Осылайша әйгілі Уолл-Стриттің маңында қазақстандықтар ашқан кәсіп өркендеп келеді. Ең бастысы талмай еңбек ету керек дейді. Мегополистің дамуына ат салысып жатқан жерлестеріміз туралы Нью-Йорк мэрі Эрик Адамс та адамдығын айтты. Республика күнінде біздің байрақты көтеріп құттықтаған қала мэрі былай деді.
Эрик Адамс, Нью-Йорк қаласының мэрі:
– Қаламыздағы қазақ қауымдастығы рухани бай, бизнесті дамытып жатқан, білімнің маңыздылығын түсінетін, ынтымақтастықтың күшіне сенетін азаматтар.
Қазақстан ғана емес, Орталық Азия елдерінің ас-суын ұсынатын мейрамханада қазір 30 адам жұмыс істейді. Әлемнің қай бұрышына барсаң да кезігетін түрік асханасы сияқты, біздің де ұлттық тағамдарды АҚШ-тың өзге штаттарында татып көруге болады. Кәсіпкер Техас, Флорида және Калифорнияны көздеп отыр.