Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » «Қолөнер – тың идея мен нәтижелі еңбекті қажет етеді»

«Қолөнер – тың идея мен нәтижелі еңбекті қажет етеді»

Ұлттық нақыштағы киімдер мен бұйымдар тігудің хас шебері, сырбойылық кәсіпкер Аида Керімқұлованың ерекше дүниелері бүгінде көптің сұранысына ие. Өз қолынан шыққан сапалы тауарлар қарапайым халық үшін қол жетімді бағада сатылады. Сондай-ақ, өзі жетекшілік ететін «Сапа Ка» және «Қолөнер» ұлттық нақыш орталығында бірнеше адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Аида Керімқұлова өз кәсібі туралы БАҚ өкілдеріне кеңінен баяндап берді.

- 2018 жылы «Dalatex» компаниясының басшысы Дінмұхаммед Абизовтың бастауымен «Аға сеньора» атты жобаны қолға алдық. Жоба аясында бірнеше мемлекеттерде болып, 30 жылдан аса тігіншілікпен айналысқан кәсіпкерлермен тәжірибе алмастық. Мұндай жобалар жаңа туындылар жасауға үлкен мүмкіндік. Себебі, «қолөнер – тың идея мен нәтижелі еңбекті қажет етеді». Елімізде жеңіл өнеркәсіп саласы ақсаңдап тұрғаны рас. Дегенмен, мемлекеттік қолдаулардың арқасында көптеген кәсіпкерлерге қайтарымсыз гранттар мен субсидиялар бөлінуде. Менің мақсатым – өңірімізде қолөнер саласын дамытып, отандық өнімдерді нарыққа шығару. Сондай-ақ, осы салаға икемі бар жастарды барынша қамтығым келеді. Қазіргі таңда қыз ұзату тойларына және түрлі бейнероликтерге түсу үшін ұлттық киімдерді сатып алушылар қатары көбейді. Қазақы нақыштағы киім-кешектер, әшекей бұйымдар, үй жасауы тек ұлттық мерекелерде ғана емес күнделікті қолданыста болса екен, - деді Аида Әбдіқайымқызы.
17 ақпан 2022 ж. 945 0