Face of face мұражайы мен Океанариум – Антальяның мақтанышы
Түркияның мәдениет және туризм министрлігінің қолдауымен, GoTurkiye туризмді дамыту және ілгерілету агенттігінің ұйымдастыруымен Анталья қаласында журналистер мен блоггерлердің басын қосқан бес күндік саяхаттың бір күні Анталья окенариум орталығында өтті.
Талай туристердің сүйікті мекеніне айналған Анталья қаласындағы заманауи мекендердің бірі осы орталықтар.
– Басында Face of face мұражайына баратынымыз айтылмаса да барынша мақтаныштарын көрсетіп қалуға тырысқан ұйымдастырушыларымыз мүсіндер мұражайына да кіргізді. Бұл жерде гидіміз Беркан бейдің еңбегі атап өтерліктей. Біздің қызығушылығымызға сай уақыттың тыңыздығына қарамастан бәрін көрсетіп қалуға барынша тырысты. Әлемдегі мықты тұлғалардың мүсіндері Face of face мұражайынан орын теуіпті. Сурет салып қазір ғана дамылдап демалғандай әсер беретін Пикассо, беріле ән шырқап тұрған Майкл Джексон секілді тұлғаларға әні міне жан бітіп кетердей сезім сыйлайтын бұл мұражайдан да алған әсеріміз шексіз болды. Океанаримуда балықтың үш мыңнан астам түрі бар екен. Жерорта теңізінің түбінде орналасқан елдің балықтар мен олардың тіршілігіне қатысты да көрсетері көп екен, – дейді таң қалыстарын жасырмаған туристер.
Антальяның тағы бір мақтанышы – Дуден сарқырамасы. Ол Антальяның орталығында орналасқан.