Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№71 газет

19 қыркүйек 2026 ж.

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Вакцинаның маңыздылығы

Вакцинаның маңыздылығы


Вакцинация – жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді және ғылыми тұрғыдан дәлелденген әдістерінің бірі.

Вакцина адамның иммундық жүйесіне белгілі бір инфекцияға қарсы қорғаныс қалыптастыруға көмектеседі. Яғни ағза ауру қоздырғышымен кездескен кезде оны тез танып, оған қарсы күресе алады.

Вакцинацияның негізгі мақсаты – адамның инфекциялық аурумен ауырмауын немесе ауруды жеңіл өткізуін қамтамасыз ету, сондай-ақ аурудың қоғам арасында таралуын азайту.

Кейбір жұқпалы аурулар адам денсаулығына өте ауыр зардап әкелуі мүмкін. Мысалы, көкжөтел, қызылша, дифтерия, полиомиелит және басқа да инфекциялар асқынуларға, мүгедектікке, ал кейбір жағдайларда өлімге әкелуі мүмкін.

Сондықтан баланы вакцинациялау – оның денсаулығын қорғаудың маңызды қадамдарының бірі.

Әсіресе нәрестелер мен кішкентай балаларды вакцинациялау өте маңызды, себебі олардың иммундық жүйесі әлі толық қалыптасып үлгермеген және кейбір инфекциялар бұл жаста өте ауыр өтуі мүмкін.

Вакцинацияның тағы бір маңызды ерекшелігі – мұжымдық иммунитетті қалыптастыруға көмектесуі.

Егер қоғамда вакцина алған адамдардың үлесі жоғары болса, инфекцияның таралу мүмкіндігі төмендейді. Бұл вакцина алуға медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдарды, соның ішінде кейбір нәрестелерді де жанама түрде қорғауға мүмкіндік береді.

Ата-аналар арасында вакцинаға қатысты түрлі сұрақтар мен алаңдаушылықтар болуы мүмкін. Мұндай жағдайда әлеуметтік желідегі немесе таныстардан алынған ақпаратқа ғана сүйенбей, медициналық мамандардан нақты ақпарат алған дұрыс.

Әрбір вакцина қолдануға дейін қауіпсіздік пен тиімділік талаптарына сәйкес бақылаудан өтеді. Вакцинация алдында медицина қызметкері адамның денсаулық жағдайын бағалап, қажетті тексеру жүргізеді.

Вакцинациядан кейін кейбір адамдарда дене қызуының аздап көтерілуі, екпе салынған жерде ауырсыну немесе қызару сияқты жеңіл реакциялар болуы мүмкін. Бұл реакциялар көбіне қысқа мерзімді болады.

Ең бастысы – вакцинациядан бас тартпас бұрын оның пайдасы мен ықтимал қауіптерін медициналық маманмен талқылау.

Вакцинация – тек жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның денсаулығын қорғауға бағытталған маңызды профилактикалық шара.

Уақытылы вакцина алу арқылы біз көптеген қауіпті инфекциялардың алдын алып, олардың таралуын азайта аламыз.

Сондықтан әр ата-ананы баласының профилактикалық екпелерін ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес уақытында алуға шақырамыз.

Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
Сурет: ашық дереккөзден
21 қыркүйек 2026 ж. 88 0