«Таза Қазақстан» – таза орта, саналы ұрпақ
«Таза Қазақстан» республикалық бастамасы аясында №191 мектеп ұжымы қоршаған ортаны аялау мәдениетін қалыптастырумен қатар, білім алушылардың ғылымға қызығушылығын арттыру, жаңашыл ойлау қабілетін дамыту, жасампаздыққа баулу және еңбекке құрмет құндылықтарын насихаттау бағытындағы іс-шараларды бірлесе жүзеге асыруда.Тазалық – тек қоршаған ортаны таза ұстау ғана емес, ол – жауапкершілік пен азаматтық мәдениеттің көрінісі. Осы бағытта №191 мектеп білім алушыларын экологиялық мәдениетке тәрбиелей отырып, оларды ғылыми ізденіске, шығармашылық бастамаларға, еңбекқорлыққа және туған жерге жанашырлықпен қарауға баулуды басты мақсаттардың бірі ретінде айқындайды.
«Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы әрбір игі іс – оқушылардың бойында табиғатты қорғау, еңбекті бағалау, қоғамға пайдалы болу және жауапкершілікпен әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.
Бірлікпен атқарылған еңбек арқылы таза орта қалыптастырып қана қоймай, ғылымға құштар, жаңашыл ойлайтын, жасампаз әрі ел болашағына жауапкершілікпен қарайтын саналы ұрпақ тәрбиелейік!










