Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Екі апта бұрын жоғалған аргентиналық су асты кемесі әлі табылмады

Екі апта бұрын жоғалған аргентиналық су асты кемесі әлі табылмады


Reuters Аргентина әскери теңіз флотының баспасөз хатшысы Энрике Балби екі апта бұрын ашық теңізде жоғалып кеткен су асты кемесінің 44 мүшесін құтқару операциясы еш нәтиже бермегенін жеткізді.  ARA San Juan су асты кемесі соңғы рет 15 қараша күні байланысқа шыққан. Бұл туралы ВВС ақпараттық агенттігі жазды.  Жоғалған экипажды іздестіру шарасына әртүрлі мемлекеттерден 4 мыңға жуық теңіз қызметкерлері қатысты. Аргентина әскери теңіз флотының халықаралық әріптестерімен бірлескен операциялары екі апта ішінде көңіл қуантарлық жаңалықтар таба алмады. Сейсенбі күні капитан Балби журналистерге берген сұхбатында су асты кемесі апатының болжалды нұсқасымен бөлісті. Оның сөзінше, кеменің теңіз бетінде қалатын, ауа өткізетін түтікше түріндегі құбырына су құйылып, ол өзге маңызды бөлшектерді істен шығарған болуы мүмкін. Кеме жоғалған уақыттан 8 күн өткеннен кейін, Венада орналасқан Ядролық сынақтарға бірлесіп тыйым салу бойынша ұйым су асты кемесі ғайып болған аумақтан 60 км қашықтықта гидроакустикалық тербеліс орын алғанын хабарлады. Олардың су асты жарылыстары мен қозғалыстарын бақылайтын құрылғысына іліккен дыбысты Аргентинаның әскери-теңіз флоты "су асты кемесінің жарылды" деп бағалады. Бұл ақпарат жоғалған экипажда жақындары болған азаматтарға ауыр тиді.

“The Qazaq Times” 
01 желтоқсан 2017 ж. 1 951 0