Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 24 газет

04 сәуір 2026 ж.

№23 газет

31 наурыз 2026 ж.

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Өзбекстан Ресейден 12 тікұшақ сатып алды

Өзбекстан Ресейден 12 тікұшақ сатып алды


Өзбекстан Ресейден 12 тікұшақ сатып алды – деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан ақпарат агенттігі. Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Өзбекстан қарулы күштері Ресейден 12 Ми-35 тікұшағын сатып алған. Ресей тарапы тікұшақтарды Өзбекстанға 2018 жылдан бастап тасымалдай бастайды. Аталмыш сауда келісімі РФ премьер-министрі Дмитрий Медведевтің қараша айында Өзбекстанға жасаған ресми іс-сапары кезінде жасалған. Бірақ Ресей әскери-техникалық әріптестік қызметі Өзбекстанға тікұшақ сату жайында ешқандай мәлімдеме жасамаған. Қазіргі таңда Өзбекстан Ресейден бөлек Түркияменде әскери-техникалық әріптестік орнатқан. Алдағы уақытта Өзбекстан аумағында Түркиямен бірлескен әскери автокөліктер құрастыратын завод ашылмақ.

“The Qazaq Times”
01 желтоқсан 2017 ж. 1 709 0