Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қытай Конституциясында өзгерістер болуы мүмкін

Қытай Конституциясында өзгерістер болуы мүмкін


Пекиндегі Пленарлық отырыста Қытай Коммунистік партиясының Орталық Комитеті елдің Конституциясына өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарды қарастырады. Өзгерістер ҚХР Төрағасы қызметін атқаруға қойылған екі мерзімдік шектеуді өзгертуге қатысты болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru сатына сілтеме жасап.

Си Цзиньпин 2012 жылы Қытай коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы, ал 2013 жылы ҚХР төрағасы болды. Наурызда өтетін халық өкілдері қатысатын жалпықытайлық жиналыста ол мемлекет басшысы болып қайта сайлануы мүмкін.
Өткен жылдың қараша айында Си Цзиньпин Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы болып қайта сайланды. ҚКП-нің жарғысы бойынша жоғары партия лауазымына қатысты шектеулер қойылмаған.
Конституциядағы өзгерістер мәселесі халық өкілдері қатысатын жалпықытайлық сессиясының айрықша құзыретіне кіреді. Бақылаушылардың ойынша, өзгерістер биылғы отырыста қабылданатын болады.

26 ақпан 2018 ж. 1 839 0