Көпке шапағаты тиген көз дәрігері
«Көз – өмірдің айнасы» деген сөздің қадірін бірнеше жыл бұрын оң жақ көзіме тас қиыршығы түсіп, жүзіме мұң үйіріліп, көзжанарым қанталаған сәтте шын түсінген едім. Сол бір аса қиын, адам төзгісіз мезетте білікті көз дәрігері, алтын қолды абзал жан Күлнар Серімбетованың шапағаты тиіп, отасыз-ақ дертімнен...