Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Газ тарату жүйесінің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды

Газ тарату жүйесінің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды

Бүгін Сырдария ауданында Сырдария аудандық Газ тарату жүйесінің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылып, жаңа Конституцияға енгізілетін өзгерістердің басты бағыттары, олардың қоғам өміріне және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы маңызы кеңінен түсіндірілді. Кездесу барысында қызметкерлер Конституциядағы жаңалықтардың әлеуметтік, экономикалық және құқықтық салаларға қалай әсер ететіні туралы ақпарат алды, өз сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісті.

«AMANAT» партиясының Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы өз сөзінде референдумның әрбір азамат үшін маңызды екенін атап, әрбір қатысушының пікірі әділетті және тең қоғам құруға қосатын үлесін ерекше атап өтті. Ол жаңа Конституцияның елдің тұрақты дамуына, азаматтардың құқықтарын қорғауға, әлеуметтік әділеттілікті күшейтуге бағытталғанын жеткізді.

Осындай кездесулер арқылы аудан қызметкерлері жаңа Конституцияның мәнін түсініп, өз құқықтары мен міндеттерін білу мүмкіндігіне ие болып, қоғамдағы құқықтық мәдениетті нығайтуға үлес қосатынына сенім білдірді. Ақпараттық түсіндіру жұмыстары азаматтардың құқықтық сауатын арттыруға және әділетті, тең қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды іс-шара болып отыр.
04 наурыз 2026 ж. 52 0