Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Дені сау бала – болашақ жемісі

Дені сау бала – болашақ жемісі

Аяғы ауыр келіншекке ана­ болу бақытын сыйлайтын әуе­лі көктегі Тәңір болса, себеп­­кер болатын ақ халатты аб­­зал жандар екені рас. Ау­дан­дық аурухана­ның перзент­хана бө­лімшесі 2018 жы­лы өңір­лендірудің екін­ші дең­гейіне өт­кеннен бері мұнда босанатын әйел­дердің қатары көбейгені көп­­шілікті қуантады.

Мәселен, 2020 жылы перзентханада 396 әйел босанса, оның 9-ы мерзімінен бұрын босанғандар. Ал 29-ы кесарь тілігі арқылы өмірге сәбилерін әкелген аналар. Өткен жылы бұл көрсеткіш өсіп, жылды 402 босану нәтижесімен қорытындылады. Мұның 69-ы кесарь тілігі арқылы босанса, 7 сәби мерзімінен ерте туылып, күтімге алынған. Биылғы жылдың 5 айын­да да босанудың жақсы көрсеткіші тіркелген. Осы уақыт ара­лы­ғын­да 107 босанудың 22-і кесарь отасымен аналар сәбиін аман-сау дүниеге әкелсе, мерзімінен бұрын босанғандар болмаған.

– Аудандық аурухананың перзентхана бөлімшесі екінші деңгейге өткелі бері осында бөлімше меңгерушісі болып қызмет атқарамын. Акушер-гинеколог ретінде 17 жылдан бері жұмыс істеймін. Ауданда босанушы әйелдердің жақсы босануына жағдай жасап, медициналық көмек қажет болған жағдайда барлық мүмкіндікті пайдаланып, ана мен бала өмірін сақтауға барымызды саламыз. Қазір бұрынғы кездегідей облыс орталығына босанушы әйелдер жіберілмейді. Бар­лық кесарь тілігі арқылы жасалатын оталарды өзіміз жасаймыз. Дегенмен аналардың денсаулығы көбіне қан аздығынан және артериялық гипертензия салдарынан күрт нашарлап кететін жағдай болады. Осындай кезде мамандардың біліктілігінің арқасында жағдайды тұрақтандыруға тырысып, ана мен бала өмірін сақтап қалуға жағдай жасаймыз. Перзентханада мерзімінен бұрын босанған аналардың сәбилеріне, жаңа туған нәрестелерге күтім жасайтын 6 медбике бар. Айнұр Оралова мен Әлия Бегманова нағыз өз ісінің мамандары. Көп жылдан бері бөлімшеде әйелдерді аман-есен босандырып, сәбилердің кін­­дік шешесі атанған тәжірибелі акушер­калар Айсұлу Жалғасбаева, Света Аленова, Марина Бакуова, Динара Қантаева, Ботагөз Еспанова, Жанат Қалымбетованың абыройлы ең­­­бе­­­­­­­­­­­гін де атап өткен жөн. Барлық әріптес­­терімді кәсіби мерекемен шын жүрек­­тен құттықтаймын, – дейді жоғары санатты акушер-гинеколог Азамат Байдәулетов.

Перзентхананың ішінде күн сайын сәбидің дауысы шығып, ана­­лардың денсаулығы қалыпты бол­са, бөлімшенің қызметкерлері үшін үлкен жетістік. Қазір тәулік бойы акушер-гинеколог дәрігерлер кезек­­­­шілікке сәйкес әйелдердің босануына қатысады. Қажет болған жағ­дайда шұғыл медициналық көмек көрсетіп, дені сау баланы дүниеге әкелуге атсалысады. Осындай білікті мамандардың арқасында соңғы жылдары ана мен бала өлімі тіркелмеген. Кез келген жағдайға дайын тұратын дәрігерлердің қатарында бөлімшенің акушер-гинекологы Салтанат Рүстем­бек, бірінші санатты неонатолог дәрі­гер Алтынай Ижазова бар.

– Аудандық перзентханада жұмыс істегеніме көп уақыт бола қойған жоқ. Қазір әйелдердің қиындықсыз босануына барлық жағдай жасалған. Шұғыл ота жасау қажеттілігі туындаса облыс орталығына тасымалдамай-ақ өзімізде жасала береді. Мұндай жағдай соңғы 3-4 жылдың көлемінде, екінші деңгейге көшкелі болып отыр. Бұрын ана мен бала өлімі орын алса, қазір жағдай басқаша. Дегенмен әйел адам денсаулығын түзетіп алып, жүктілікті жоспарлап барып бала көтерсе дейміз. Төртінші, бесін­­­ші перзентіне жүкті әйелдердің көбінде артериялық гипертензия болады. Мұндай жағдайда да қауіптің алдын алып, бар мүмкіндігімізді салып, аман-есен босандыруға тырысамыз, – дейді акушер-гинеколог Салтанат Рүстембек.
Жаңа өмірдің дүниеге келуіне себепкер болатын перзентхананың ұжы­мы үшін әрбір күн мереке. Себебі мұнда күн сайын бір немесе бірнеше жан өмірге келіп, әуелі перзентхана ұжымын, сонан соң күллі бір әулетті қуантады. Ал олардың аман есен отбасымен қауышуына жағдай жасайтын ақ халатты абзал жандардың ерен еңбегін мақтанышпен айту біздің парызымыз.

Балалар сауығатын бөлімше

Аудандық аурухананың балалар бөлімшесінде қызмет атқарған мықты педиаторлар Гүлажар Жүзтаева, Айт­күл Досжанова, Майя Өксікбаева, Ақ­жарқын Оразбаева, Рыскүл Дыханова, Салтанат Әлібекованың ізгі жолын қазір дәрігер Алтынай Ижазова жалғастырып келеді.

Бөлімшеде 2020 жылы 400 бала емделсе, 2021 жылы төсек-орын кө­бейіп, 656 бала денсаулығын түзе­ген. Биылдың бес айында 295 бала жатқызылып, тиісті ем-домын алған.

– Бөлімше 25 төсек-орынға арнал­ған. Пандемия кезінде 50 орынға дейін көбейтілді. Жоспарлы түрде ауруха­наға жатқызылатын балалардың арасында бронхитпен, бронхиолитпен, бас миының аноксиялық зақымдануы се­кілді диагнозбен емделетіндер көп. Ерекше балалардың да тиісті ем-дом алуына жағдай жасалған. Оларға қа­жетті емдік-қозғалыс жаттығулар оңал­­­­­­­­­­­­­ту орталығында жасалады. Осындай орталық өзіміздің бөлімшеде болса деген тілегіміз бар. Сонымен қатар соң­­­­­ғы жылдары балалардың ойын бөл­месіндегі ойын құралдары мен ойын­­­шықтардың тозығы жеткендіктен мүл­­дем жарамсыз болып қалды. Елдегі қайырым­ды жандар, демеушілікпен балалар­­­ға ойыншық әперіп, қуантса қан­дай керемет болар еді. Жалпы аудандық ауруханада науқас балалар­ға қажетті барлық дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Физиомассаж, логопед, де­фектолог, пси­холог мамандар да жұ­мыс істейді, – дейді бөлімше мең­геру­шісі бі­рін­ші санатты дәрігер Алтынай Ижазова.

Бөлімшеде 10 палатаның 2-еуі күшейтілген ем жүргізуге арнал­ған. 2 төсек орын 1 жасқа дейінгі науқастанған нәрестелердің жатқы­зылуына ыңғайластырылған. Бөлімше­нің ішіндегі тазалық, жинақылық пен ұқыптылық аға медбике Ақерке Талапбекова мен шаруашылық медбикесі Гүл­сім Тұрғанбаева бастаған медби­келер мен кіші буын медицина­ қызметкерлері еңбегінің арқасы. Бө­­лім­шеде ұзақ жылдан бері жұмыс істеп, ақыл-кеңесін беруге даяр тұра­тын медбикелер Алтын Қияс, Гүл­сара Қалиева, Шарапат Айтанның ең­бегі ұшан-теңіз. Олардың шипалы ала­қандары талай баланың сауығып кетуі­не себепкер болды десек артық айтандық емес.

– Баланың жүрегі нәзік келеді. Көңіл-күйлері де құбылмалы болады. Ем-шара жасау үшін баланың тілін табуың керек. Жылы сөйлеу біздің басты міндетіміз. Өзі ауырып тұрған ба­ла медбикеден қорықпауы керек. Сондықтан бөлімшенің медбикелері барлық науқас баланың досы болуға тырысады. Уақытылы емін жасап, тезі­рек ата-анасымен қауышқанын тілей­ді. Ешқашан балаларымыз ауырмасын, – дейді аға медбике А.Талап­бекова.

Аудандық ауруханада әрбір мере­келік датаға орай мерекелік дастархан жайылып, науқастардың көңіл күйін кө­теруге бір ауыздан атсалысу үрдісі қалыптасқан. Балалар бөлімшесінде де Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінде наурыз көже таратылып, ақ тілектер айтылады. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, тәттілер та­ратылған.

Балалар бөлімшесінде науқастан­ған балалар ем-шарадан тыс уақытта демалыс орынындағы жайлы диванға отырып, теледидар көреді. Сонымен қатар ойын бөлмесіндегі жұмсақ кі­лем­де аналары балаларын ойнатуға жағ­­дай жасалған.

Біз де «ешқашан бала ауырмасын» деген ақ халатты абзал жандардың тілегі орындалсын демекпіз.






Бибісара ЖАНӘЛІ
18 маусым 2022 ж. 387 0