
Өкініштің өксігі
Жаздың ми солқылдатар ыстық күні. Бестің шайын ішкелі жатқанбыз. Енем мен ерім есігіне тор ұсталған кішкене үйде, мен шай қамымен үлкен үйде едім. Манадан сыртта жүрген атамның кіріп келе жатқанын аңғарып, ығыстай бердім. Әшейінде «Ау, балам-ау» дейтұғын әдетінен жаңылғандай, үндемей, тіпті, мені...















