Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Тіл ғылымының білгірін жырға қосты

Тіл ғылымының білгірін жырға қосты

Апта ағымында аудандық мә­дениет және спорт бөлімінің ұйым­дастыруымен «Ахмет­ Байтұрсынұлы – адамдық пен білім диқаншысы» тақыры­бында жас ақындар мү­шәй­расы өткізілді. Ұлт ағар­тушысының туған күніне орай ұйымдастырылған мүшәй­раға Тереңөзек кенті мен елді ме­кен­дерден талапкер жас ақындар қатысты.

Тағылымы мол іс-шара барысында жас ақын­дардың шығармашылық әлеуеті жан-жақты сараланды. Қос кезең бойынша бақ сынаған олардың деңгейі тақырыпты аша білуі, туған тілдің әдеби нормасын қалыптастырған Ахмет Байтұрсынұлының ұлт үшін жасаған еңбегін лайықты түрде жырлануы, ана тіліміздің мәртебесін жоғары деңгейде көтерілуі секілді бірнеше мәселе бойынша бағаланды. Өз кезегінде бірінші кезеңде жекелеген талапкер ағартушы жөнінде жазылған өлеңдерін оқыса, екінші кезеңде еркін тақырыптағы туындысын көпшілікке ұсынды. Ақындардың шығармашылығына білікті мамандар, тіл жанашырлары төрелік жасады.

– Шын мәнінде, тіл ғылымының білгірі атана білген Ахмет Байтұрсынұлының ұлт үшін жасаған еңбегі ерекше. Қазақ зиялыларының ішінде шоқтығы биік тұлғаның өмір жолы өнеге. Ана тіліміздің өрісін кеңейтіп, ережесін бекітті. Қа­шанда ұлт ұстазының есімін ұлықтап, еңбегін көпшілікке таныту – негізгі міндетіміз саналады. Бұл ретте, өзіммен қатар додаға түскен жас ақындардың шығармашылығымен етене таныс­пын. Қашанда ұлттық құндылықтарымызды жаң­ғыртып, ана тіліміздің мәртебесін биіктетеміз, – деді жас ақын Мұхамеджан Мансұров.

Аудандық мүшәйра қорытындысында жүлделі І орынды М.Мансұров, ІІ орынды Б.Айтбаев, ІІІ орынды А.Нұрланқызы иеленді. Барлық қаты­су­шыларға арнайы диплом мен бағалы сыйлық тапсырылды.


«ТТ» ақпарат
12 қыркүйек 2023 ж. 307 0