Соңғы алты жылда ауданның білім саласы бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып, жаңа ғимараттар мен балабақшалар пайдалануға берілді. Сонымен қатар, инновациялық мектептер саны артты....
Аудан тұрғындарын жаппай кәсіпкерлікке тарту мақсатында Сырдария ауданының кәсіпкерлікті дамыту "Жол картасы" бекітілді. Аудандық кәсіпкерлік палатасы арқылы 2018 жылы «Бизнес-Кеңесші» курсын 152 азамат оқыды. Ал, «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 170 адам оқытылды....
Бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайтудың қазіргі таңдағы негізгі бағыты – жаппай кәсіпкерлікті дамыту. Бұл бағытта «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» аясында Сырдария ауданында кешенді жұмыстар жүргізілуде....
Есепті кезеңде 16,4 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Тереңөзек кентінің Аманкелді және Ергешбаев көшелерінің қиылысына тұрғын үй кварталы құрылысы 2017 жылы басталып, 2018 жылы жалғасын тапқан болатын....
Сырдария ауданында көпір салу жұмыстарының өзіндік үлгісі қалыптасты. Бұған дәлел ретінде, соңғы 6 жылда аудан көлемінде салынып, пайдалануға берілген көпірлерді айтуға болады....
2018 жылы Қалжан ахун ауылындағы тұтынушы тұрғын үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылыс жұмыстарын аяқтауға республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 135,8 млн. теңге қаржы игеріліп, жұмыстар толығымен аяқталып пайдалануға берілді....
Аудандық бюджет есебінен Бесарық және Жетікөл ауылдық округтерінің тұрғын үйлеріне дейінгі ауыз су жүйелерін жүргізуге жобалық сметалық құжаттама дайындалып, сараптамадан өткізуге 11,3 млн. теңге бөлінді....
2019 жылға республикалық бюджеттен Тереңөзек кентіндегі 135 га жерді құрайтын жаңа мөлтек ауданның инфрақұрылымын электрмен жабдықтауға 501,8 млн теңге бөлінді....
Сырдария ауданына көгілдір отын, яғни табиғи газ келетін күн алыс емес. Қазіргі таңда тиісті жұмыстар қарқын алды. Аталған жұмыстардың сапалы жүргізілуі аудан әкімдігінің басты назарында....