Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » ТҰРҒЫНДАР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАУДА

ТҰРҒЫНДАР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАУДА

Сырдария ауданы Тереңөзек кентіндегі №156 сайлау учаскесінде таңғы сағат 7.00-де ҚР Мемлекеттік Гимні орындалғаннан кейін тұрғындар өз кандидаттарына дауыс беруді бастады. №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейдегі сайлау учаскесіне ең алғаш болып кент тұрғыны Әсия Масилова дауыс берді. Ал ең жас сайлаушы ретінде Назарбаев зияткерлік мектебінің биылғы түлегі, болашақ инженер Әсел Нұрлыбай өз таңдауын жасады. Ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтар берілді.
№156 сайлау учаскесіне келіп дауыс берген ең қарт сайлаушы еңбек ардагері Рахымжан Бәйменов болды. Жақында қажылыққа барып келген ақсақалға учаске төрағасы шапан жапты. Сондай-ақ, 100 болып өз таңдауын жасаған Жанымкүл Сейпуловаға да арнайы сыйлық табыс етілді.
Айта кетейік, аталған сайлау учаскесінен 2000-нан аса тереңөзектік тұрғын дауыс береді. Қазірдің өзінде 200-дің үстінде тұрғын өз таңдауын жасап үлгерді.

«ТТ» ақпарат


























09 маусым 2019 ж. 1 587 0