Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » КӨПКЕ ШЫДАТПАДЫ

КӨПКЕ ШЫДАТПАДЫ

Геннадий Головкин канадалық Стив Роллсты төртінші раундта нокаутпен жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шоу Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтті.
Головкиннің Ролсспен жекпе-жегі DAZN-мен үшжылдық алты кездесуінің біріншісі және Джонатан Бэнкстің бапкерлігімен өткізген бірінші жекпе-жегі. Ал бұған дейін Геннадий Головкиннің осы кездесуден алатын кепіл гонорары анық болған еді. GGG 2 миллион доллар алады, бірақ ESPN мен тағы да басқа басылымдар оның осы кездесудегі жалпы табысы 15 миллион болатынын хабарлаған. Канадалық болса 300 мың доллар алады, бұл 35 жастағы канадалықтың карьерасындағы ең жоғары гонорар.
09 маусым 2019 ж. 590 0