БІРІНШІ БОЛЫП ДАУЫС БЕРГЕН ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫ
ҚР кезектен тыс Президент сайлауында ең бірінші дауыс берген Қазақстан азаматы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап.
«Ең бірінші дауыс берген Қазақстан азаматы - Ильяс Құрманғали. Жапониядағы Васэда университетінің студенті», - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, бүгін Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлау басталды. ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында ел ішінде және шет елдерде 9 968 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес, дауыс беру уақыты стандартты (сағат 7.00-20.00 аралығы) болады. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында уақыт айырмашылығына байланысты сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де - Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 08.00-де ашылады.