Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Адамзат тарихындағы ең үздік ән анықталды

Адамзат тарихындағы ең үздік ән анықталды

Kyzylorda-news.kz. 24/7 Wall Street қаржы порталы танымалдығы, каверлер саны, сатылымдар көлемі, Billboard хит-парадына кіру саны жағынан әлемдегі жүз үздік әннің тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Үздік композиция атағы Британияның The Beatles тобының Yesterday әніне бұйырды. Ән 1965 жылы шыққан, ресми 665 кавері бар, 11 жыл бойы хит-парадтардан түспеген.
Екінші орында - Simon & Garfunkel дуэті орындаған Bridge Over Troubled Water композициясы, үшінші орында - британ әншісі Адель орындаған Rolling In the Deep әні тұр.
Үздіктер ондығына The Beatles тобының Hey Jude, Let It Be әндері, Джон Леджендтің All of Me, Леди Гаганың Bad Romance, The Queen-нің Bohemian Rhapsody, Билл Уизерстің Ainʼt No Sunshine әндері бар.


09 маусым 2019 ж. 540 0