Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » СЫРДАРИЯЛЫҚТАР САЙЛАУҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА

СЫРДАРИЯЛЫҚТАР САЙЛАУҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА

"Сырдария ауданының тұрғындары еліміз үшін саяси маңызды науқанға белсенді қатысуда",- деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы "Фейсбук" әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында.
Қазіргі таңда аудандағы барлық сайлау учаскелері сайлаушылар үшін талапқа сай жоғары деңгейде қызмет көрсетуде.
Таңертеңгі сағат 07.00-де аудандағы барлық сайлау учаскелерінде Мемлекеттік Гимн орындалды. Сондай-ақ, халқымыздың игі дәстүріне сәйкес, сайлау жұмыстарын жасы үлкен қария батасын беріп ашты.
Айта кету керек, дауыс беруге ең алғашқы келген сайлаушыға аудандық сайлау комиссиясы тарапынан естелік сыйлықтар берілді. Жалпы, сырдариялық сайлаушылардың белсендігі және көңіл-күйі жоғары.

"ТТ" ақпарат
09 маусым 2019 ж. 1 288 0