Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 100 газет

31 желтоқсан 2025 ж.

№ 99 газет

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 газет

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » » Қайырымдылық концерт өткізді

Қайырымдылық концерт өткізді

Жақында «Тереңөзек кенті клубы» ком­муналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны үйірме мүшелері Талсуатта орналасқан «University Medical Center» Қызылорда филиа­лының «Қош келдің, балдырған» атты корпоративті қорының 8-інші айналымының ашылу салтанатына орай қайырымдылық кон­цертін өткізді. Концертте барлық үйірме мүшелері өз өнерлерін көрсетті.
Аталмыш кешті мәдени ұйымдастырушы Жайна Дайрабайқызы және Ержан Жүнісов жүргізді. Іс-шарада Салтанат Маратова «Бір жұлдызың боламын мен де», Ислам Аманжол «Жұлдыз демесін», Жайна Дайрабайқызы мен Аружан Жұмабекова «Қыз арманы», Дәуіржан Жүнісов «Махаббатсыз бұл өмірді кім сүрмек», Нұрбол Орынтаев «Қимайды», Айдана Бақыт­бекқызы «Неге» әнін нақышына келтіре орындады. Сондай-ақ талантты жастардан құралған «BOOM BIX» тобы «Worth it», «Kills This Love» заманауи биін биледі. Қайырымдылық шарада балалардың көңіл-күйін көтеру мақсатында ойындар ойнатылып, сыйлықтар таратылды. Концерттік бағдарламада өнерлі жандармен бірге балғындар қуанышқа кенеліп, мәз-мейрам болды.
Кеш соңында «UMC» корпоративтік қоры Қы­зыл­орда филиалының директоры Г.М.Айым­бетова қайырымдылық концертті ұйым­дас­тырушыларға өз ризашылығын білдірді. «Тереңөзек кенті клубы» ұжымын «Алғыс хатпен» марапаттады.

«ТТ» ақпарат
06 шілде 2019 ж. 1 033 0