Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ МЫҢ ТАҒЗЫМ

МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ МЫҢ ТАҒЗЫМ


Ұлы Жеңістің 73 жылдығы құрметіне арналған С.Сейфуллин ауылдық клуб үйінің ұйымдастыруымен «Ұмытылмас ерліктер» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Шараның бірінші бөлімінде «Тағзым» алаңында 1941-45 жылдары соғыс жылдарында қаза тапқандарға арналған еске алу кеші өтті. Кеш барысында қаза тапқандарға құран бағышталып, еске алу сәті өткізілді және гүл шоғы қойылды. Кеш соңына қарай мектеп оқушыларынан құралған «Жас Ұлан» тобының әдеби монтажы ұйымдастырылды. Мерекелік бағдарлама ауылдық клуб үйінде үйірме мүшелерінің концерттік бағдарламасымен жалғасты. Үйірме мүшелері Құдайбергенова Бағила «Еңбек» термесін, Ижазов Бекзат «Мен қазақпын» әнін, «Жас Ұлан» тобы сарбаздар биін, Балтабаев Бекнұр «Алға жігіттер» әнін орындады. «Жас қалам» үйірме мүшелері Мансуров Нұрахмет «Жеңіске арнау», Айтбаев Бақтөре «Тереңөзек құт мекенім» атты өлеңдерін оқыды. Мерекелік шараға ауыл ардагерлері, мекеме басшылары, ауыл тұрғандары қатысты.

Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ
15 мамыр 2018 ж. 1 661 0